ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ САРЫАГАШСКОГО РАЙОННОГО АКИМАТА

МЕМЛЕКЕТТІК ТУ-ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

Бүгін  Сарыағаш ауданы әкімдігінің және «Nur Otan» партиясының  қолдауымен ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен  «Менің туым,  Менің  Отаным!»  акциясы өтті.  Баршаны Отанды сүюге, Мемлекеттік рәміздерді, ана тілді құрметтеуге шақыратын шарада алдымен мемлекеттік әнұран орындалды. «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев акцияның негізгі мақсатына тоқталып, мемлекеттік рәміздердің құндылығын атап өтті.
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау арқылы оларға құрмет көрсету, азаматтардың туған елге деген патриоттық сезімін оятуды мақсат еткен шараға  мәдениет үйі, кітапхана қызметкерлері және ерікті жастар мен партия мүшелері  қатысты.

Іс шара соңы аудандық  мәдениет үйінің өнерпаздары шарықтата ән шырқап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі