ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ САРЫАГАШСКОГО РАЙОННОГО АКИМАТА

ЕКІ МӨЛТЕК АУДАНҒА ТАБИҒИ ГАЗ ҚОСЫЛДЫ

Сарыағаш қаласы Телемұнара және Көктөбе мөлтек аудандарының аумағында орналасқан тұрғын үйлерді табиғи газ жүйесімен қамтамасыз ету үшін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, 2019 жылдың шілде айында аяқталған болатын. Жүргізілген ішкі газ құбырлары табиғи газ жүйесіне қосылып, бүгінгі таңға 15 тұрғын үй табиғи газға қосылды. Қалған үйлерді табиғи газ қосу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы екі мөлтек аудан аумағында 359 тұрғын үй орналасқан. Көгілдір отынмен тұрмыстық ахуалы жақсарған тұрғындар ризашылықтарын білдіре отырып, алғыстарын айтты.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі