САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ АКТИВІ ӨТТІ

Бүгін Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде партияны қайта жаңғырту аясында «Nur Otan» партиясының Сарыағаш аудандық филиалының активі өтті.
2019 жылдың 25 қарашасында Елордада өткен Елбасы, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өңірлік партия филиалдарының өкілдерімен кездесу барысында жүктелген міндеттерді орындау және жаңа бастамаларды жүзеге асыру мәселелері жайлы маңызды жиынға аудан әкімі, партияның аудандық филиалының төрағасы Отаршиев Мұхит Баймұханбетұлы төрағалық жасап, жиынды ашты.

Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Құдрет Қыстаубаев 25 қарашада елордамызда Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өңірлік филиал төрағаларын жинап, партия жұмысын ілгерілету бағытында аса маңызды тапсырмалар жүктеп, өңірлердегі мәслихаттардың жауапкершілігін күшейтіп, жұмысын ширатуды тапсырып, қоғамдағы ең өзекті әрі аса маңызды мәселелерді айқындап, оны шешу жолдарын ұсынып, партияға маңызды жүктелген тапсырмалар бойынша баяндама жасады.
Сондай-ақ жарыс сөзге аудандық мәслихатының хатшысы Бақытжан Садықов пен «Көктерек» бастауыш партия ұйымының төрайымы Ү.Тұржанова шықты.

Активті аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы М.Отаршиев қорытындылап, Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың аймақтық филиал өкілдерімен кездесуінде және облыс әкімі, облыстық филиал төрағасы Өмірзақ Естайұлының Түркістан облыстық активінде берген тапсырмалары бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

Жиынның соңында аудан басшысы жаңадан қабылданған 5 азаматқа партия билетін салтанатты түрде табыс етті.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі