САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Жаңалықтар

Жемісті

Бүгін Сыбайлас жемқорлықтың профилактикалық бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізетін «Түркістан – адалдық алаңы» жобасы аясында құрылған лекторлық топ бекітілген кестеге сәйкес Жемісті ауылдық округтерінде болып, жергілікті тұрғындармен жиын өткізілді. Аталған жиында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен дайындалған арнайы бейнероликтер көрсетіліп, …

Жемісті Read More »

Сарыағаш ауданында Цифрлы Қазақстан бағдарламасы іске асырылуда

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бекіткен «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында Сарыағаш қаласын ақылды қалаға айналдыру мақсатында Smart city – Saryagsh жобасы әзірленген болатын. Smart city – Saryagsh жобасы жалпы 14 жобадан тұрып, осы жобалардың ішінде «Ақылды жаяу жүргінші жолы» (умный пешеход) жобасы қазіргі таңда Сарыағаш қаласы С.Ысмайылов көшесі мен Б.Ермеков көшесі қиылысында жүзеге асып, …

Сарыағаш ауданында Цифрлы Қазақстан бағдарламасы іске асырылуда Read More »

Аудан әкімі Қ.Абдуалиевтің 9 мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен құттықтауы

Егемен елі барда ерлер есімі ешқашан өшпейді! Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен майдангер ұрпақтары! Сіздерді Ұлы Жеңістің 74 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы Жеңіс – батырлардың даңқты рухын ардақтап, Отанға адал қызмет етуді, аға ұрпақтың ерлігін мәңгілік ел есінде сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Ерліктің ерен үлгісін танытып, бүгінгі бейбіт күн үшін …

Аудан әкімі Қ.Абдуалиевтің 9 мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен құттықтауы Read More »

Жеке қабылдау!

7 мамыр күні Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Аманкелдіұлы кезекті рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар мүгедек ұлына жәрдем, ауыз су, табиғи газ, жол және көпір салу, тұрып жатқан жерлерінің және үйдің құжаттарын заңдастыру бойынша өтініштерін айтты. Тұрғындардың мәселелерін мұқият тыңдаған аудан басшысы қолданыстағы заңнама аясында көтерілген мәселелердің шешу жолдарын түсіндіріп, тиісті бөлім басшыларына азаматтардың …

Жеке қабылдау! Read More »

6 мамыр күні Жемісті ауылдық округі әкімі аппаратында кезекті отырыс болып өтті

6 мамыр күні Жемісті ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке жәрдемақыны беру қызметіне жәрдемдесуші учаскелік комиссияның кезекті отырыс болып өтті. Комиссия отырысына аудан әкімі Қ.Абдуалиев арнайы қатысып тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жалпы Жемісті ауылдық округінде мемлекеттік атаулы көмек алуға 223 өтініш қабылданып оның 190 өтініші учаскелік комиссияның қорытындысымен мұқтаж деп танылды. (с) Аудан …

6 мамыр күні Жемісті ауылдық округі әкімі аппаратында кезекті отырыс болып өтті Read More »

Бірнеше нысан пайдалануға берілді

Сарыағаш ауданы әкімі Қ.Абдуалиев аудандағы жаңадан құрылыс жұмыстары аяқталған нысандардың ашылуына қатысты. Ең алдымен Сарыағаш қаласы, Т.Байбосыната және Т.Қабылов көшелерінде ауыз су жүйесі пайдалануға берілді. 193 тұрғын үйге ауыз су жүйесі кіргізіліп, ұзындығы–10,071 шақырым су құбырлары қойылды. Құрылыс жұмыстарына  53 млн 941 мың теңге қаралып, бұл жұмысты «Жаңаарқа Гарант» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұтып алып, құрылыс …

Бірнеше нысан пайдалануға берілді Read More »

7 мамыр – Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күнімен әкімнің құттықтауы

Құрметті Сарыағаш ауданының тұрғындары! Сіздерді 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! 7 мамыр – бейбіт елдің тыныштығын қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырған әрбір Отан қорғаушы үшін, әрбір сарбаз үшін ерекше күн. Егемен еліміздің Қарулы күштерінің мерейін асқақтататын, Отан үшін отқа түскен ата-бабаларымыздың, болашақ ел қорғайтын асыл азаматтарымыздың мейрамы. Бұл …

7 мамыр – Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күнімен әкімнің құттықтауы Read More »

ШАРДАРА АУДАНЫ 100 ПАЙЫЗ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Қазіргі таңда Шардара ауданында №18 газ тарату станциясы салынып жатыр. Жоба іске қосылғанда Шардара қаласы мен 11 елдімекен көгілдір отынға қол жеткізетін болады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ауданға ұйымдастырған пресс-тур барысында БАҚ өкілдері аталған нысанның құрылыс жұмыстарымен танысты.Аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Еркебұлан Каратунов құрылыстың жұмыс кестесіне …

ШАРДАРА АУДАНЫ 100 ПАЙЫЗ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ Read More »

БИЫЛ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТА 365 МЛН АҚШ ДОЛЛАРЫН ҚҰРАЙТЫН 4 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Түркістан облысы Созақ ауданындағы индустриалды аймақта ағымдағы жылы жалпы құны 365 млн. АҚШ долларын құрайтын 4 жоба жүзеге асады. Олар: жобалық құны 50 млн. АҚШ долларды құрайтын «ЮКСЭС-50» ЖШС-нің күн электр стансасын салу жобасы, құны 15 млн. АҚШ долларлық «Стандарт Угле Хим» ЖШС-нің Таскөмірсай кенінің көмірін қайта өңдеу жобасы, сондай-ақ жалпы құны 200 млн. АҚШ …

БИЫЛ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТА 365 МЛН АҚШ ДОЛЛАРЫН ҚҰРАЙТЫН 4 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ Read More »