САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

«ASHYQ TURKISTAN» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ.

Бүгін Сарыағаш ауданындағы ауылдық округтерде «Ashyq Turkistan» жобасы аясында қоғамдық қабылдаулар өткізілуде.  Елбасы жолдауы аясында, Агенттіктің бастамасымен өңірімізде «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өз жұмысын жүргізуде.  Жобалық кеңсенің негізгі мақсаты – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, мемлекеттік мекемелерде ашықтықты қамтамасыз ету, қоғамның билік институттарына сенімін жоғарылату.  Жоғарыдағының негізінде, жобалық кеңсе тарапынан «Ashyq Turkistan» жобасын облысымыздың барлық аудандарында, аудандарға қарасты барлық ауылдық округтерде еңгізу ұсынылған болатын.  Жобаны, ережеге сәйкес әр айдың 3 жұмасы облыстағы барлық ауылдық округтерде өткізу жоспарланған.   Аталған жоба Агенттіктің төрағасы және облыс әкімі тарапынан жоғары бағаланып, қазіргі таңда Республиканың барлық өңірлерінде жүзеге асуда.

(с) Аудан  әкімінің баспасөз  қызметі