САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

«Adal kómek» жобасы аясында тегін құқықтық көмек көрсетілді.

Баршамызға белгілі, Мемлекет басшысы 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады.
Тәжірибе көрсеткендей, азаматтардың көпшілігі құқықтары бұзылған жағдайда кіммен байланысатынын, оның сұрақтары қай мемлекеттік органның құзыретіне кіретінін және шағым беру тәртібін біле бермейді.
Осыған орай, мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қоғам мен жастар арасында еріктілікті дамыту және азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен «Adal kómek» жобасы аясында аудан орталығында және ауылдық округ әкімі аппараттарында еріктілер ретінде тәжірибелі заңгерлер, адвокаттар мен нотариустар шақыртылып, тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді.