САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

42.500 ТЕҢГЕНІҢ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР ЖӘНЕ ЖАУАПТАР

СҰРАҚ: Мені төтенше жағдайға байланысты үйде отырып жұмыс істеуге жіберді. Маған 42500 тг.төленеді ме?
ЖАУАП: Жоқ. Төленбейді. Өйткені Сіздің айлығыңыз сақталады.

СҰРАҚ: Мені ақшасы төленетін еңбек демалысына жіберді. Маған төленеді ме?
ЖАУАП: Жоқ. Төленбейді. Өйткені Сіз ақшасы төленетін еңбек демалысына шықтыңыз.

СҰРАҚ: Мен жұмыс істейтін мекеме Төтенше жағдайдың кесірінен тоқтап, ақысыз демалыс берілді. Мұндай жағдайда төлем беріледі ме?
ЖАУАП: Иә. Сізге 42500 теңге беріледі.

СҰРАҚ: Мен бала күтушімін. Күйеуім таксист. Бірақ бізде пенсионка жоқ. Мұндай жағдайда не істейміз?
ЖАУАП: Сіздер 42 мыңға өтініш тастай аласыздар. Өйткені Сіздер төтенше жағдайға байланысты табыстарыңыздан айрылып отырсыздар.

☝️☝️☝️Аталған мәселе бойынша Egov.kz сайтына кіріп, «Электронное обращение» деген сервиске кіресіз. Өзіңіздің өтінішіңізді тастайсыз. Ол жерге керегі – ИИН, карточкаңыздың шоты, байланыс телефоныңыз керек, болды.

СҰРАҚ: Мені жұмыстан шығарып жіберді. Яғни, қысқартуға ұшырадым. Маған 42 мың беріледі ме?
ЖАУАП: Жоқ, Сізге берілмейді. Бірақ, Сіз жәрдемақы (пособия) аласыз. Сізді жұмыстан не үшін шығарды, себебін қарамайды. Берілетін жәрдемақының көлемі Сіздің алып жүрген жалақыңыздың 40%-ы. Мәселен, Сіз айына 100 мың алып жүрсеңіз, 40 мың жәрдемақы төленуі тиіс. Бұл төтенше жағдайға қарамайды. 6 (алты) ай бойы төленеді.

☝️☝️☝️ Аталған мәселе бойынша Egov.kz порталы арқылы «жұмыссызбын» деп тіркелесіз, болды. Яғни, порталдан өтініш бересіз. 3 күннің Сізге жұмыс іздейді. Табылмаса, жұмыссыз ретінде тіркейді. Артынша Сізге смс келеді «тіркелдіңіз» деген. Ары қарай есеп қисап жүргізіліп, тиісті қаражат аударылады.