САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Күн: Сәуір 24, 2020

Құрметті Сарыағаштықтар!

Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын.Бұл – шексіз ізгілікке, адамгершілікке, рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын мезгіл. Исламның жасампаздық әлеуеті қоғамымыздағы және әлемдегі дәстүрлі құндылықтар мен гуманизм негіздерін нығайтуға ықпал етеді. Рамазан айында ораза ұстау мейірімділікке, кешірімді болуға, татулыққа және қайырымдылыққа үндейді.Осыған байланысты бұл күндер қайырымды жандар үшін сауапқа кенелудің үлкен …

Құрметті Сарыағаштықтар! Read More »

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ АУМАҚТАРЫН ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Аудан тұрғындарының өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында, аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары залалсыздандырылуда.Аудан аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары, кіреберіс дәліздері және балалар ойын алаңшаларына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.Аталған жұмыстар кестеге сәйкес жалғасатын болады. (с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі