САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Ай: Наурыз 2020

АУДАНДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Бүгін аудан әкімі М.Отаршиев «Бөбек» көтерме сауда базарындағы азық-түлік бағаларын қарап шықты.Бүгінде коронавирус дертінің таралуына байланысты Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Мониторинг барысында азық-түлік бағалары тексеріліп, базар басшылығы мен кәсіпкерлерге бағаны негізсіз көтермеу керектігі түсіндірілді.Сондай-ақ азық-түлік бағасының негізсіз көтерілген жағдайда аудан әкімдігі тарапынан тиісті шаралар көрілетіндігі ескертілді. (с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Құрметті Сарыағаштықтар!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Әз-Наурыз – жаңашылдық пен жасампаз рухтың жаршысы. Осы күндері Жер-ана қайта түлеп, тіршілік атаулы түгел жанданады.Тағылымы мол бұл мереке – жаңару мен жаңғырудың, адам мен табиғат арасындағы үндестіктің, келісім мен татулықтың алтын арқауы.Халқымыз қашанда жыл басын ізгі ниетпен, үкілі үмітпен, ақ жарма тілекпен қарсы алады.Ұлыстың ұлы …

Құрметті Сарыағаштықтар! Read More »

Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтаманы Egov.kz электронды үкімет порталында онлайн немесе ХҚО-да алуға болады.

1.Қызметті онлайн алу:✅Порталда авторизациядан өткеннен кейін «Әскери есеп және қауіпсіздік» бөлімінен қажетті қызметті тауып, «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.✅Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз. Ол үшін сіз міндетті түрде мобильдік азаматтар базасына тіркелуіңіз керек.✅Жеке кабинетіңіздегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде 5 минут ішінде өтінішіңіздің нәтижесімен таныса аласыз.2.Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы алу:✅ХҚО-ға жеке куәлігіңізбен …

Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтаманы Egov.kz электронды үкімет порталында онлайн немесе ХҚО-да алуға болады. Read More »

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы ХҚКО-лар жаңа жұмыс тәртібіне көшті

Карантин жариялануына байланысты Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс режимін өзгерту туралы шешім қабылданды. ХҚКО көрсететін қызметтер саны қысқартылады. Азаматтар онлайн ұсынылмайтын қызметтерді ғана ала алады. Осымен бірге, еліміздегі барлық ХҚКО сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.  Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болатын қызметтердің қатарында төлқұжат пен жеке куәлік алу, зейнетақы мен …

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы ХҚКО-лар жаңа жұмыс тәртібіне көшті Read More »

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жаңа COVID-19 вирусынан тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында төтенше жағдай жарияланды.Қазіргі таңда Сарыағаш ауданы әкімдігі тарапынан аудан аумағында инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша барлық қажетті медициналық, профилактикалық және ұйымдастыру шараларын қабылдауда.Аудан халқының арасында COVID-19 коронавирустық жұқпасының таралуын алдын алу мақсатында аудан әкімінің өкімімен жұмысшы топ құрылған болатын.Ауданда …

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ Read More »

Құрметті аудан тұрғындары!

Азаматтардың денсаулығы үшін жасалып отырған өте маңызды қадамдарды ең алдымен өзімізден бастап, залалсыздандыру құралдарын пайдалана отырып, сақтық шараларын жүргізгеніміз абзал. Тазалық – денсаулық кепілі екені әрдайым ойымызда болуы керек.Баршаңыздан адамзат басына түскен осы сын сәттерде ынтымақпен берекелі әрекет жасауларыңызды сұранамын. Татулық пен бірліктің арқасында кез-келген қиындықтан шығуға болады.Бәріміз сабырлылық сақтап, бір адамдай жұмылып, қауіпті індетпен …

Құрметті аудан тұрғындары! Read More »

Мен Сіз үшін жұмыста қалдым», Сіз мен үшін үйде болыңыз!

Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері мен медбикелері «Мен Сіз үшін жұмыста қалдым», «Сіз мен үшін үйде болыңыз!» челленджін ұйымдастырды.Осылайша дәрігерлер адамдарды жаппай жиналатын жерлерге бармауға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыруда.

Құрметті аудан тұрғындары!

Қазір бүкіл әлемді алаңдатып отырған күрделі ахуал баршаңызға мәлім. Коронавирустың таралуы біздің елімізді де шет айналып өткен жоқ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен елімізде төтенше жағдай жарияланды. Бұл уақытша дүрбелең. Осынау қиын-қыстау кезеңде бәріміз жұдырықтай жұмыла әрекет жасауымыз қажет.Қазіргі таңда ауданымызда қатерлі індеттің белгілері байқалған жоқ. Ауданның әр тұрғыны жеке бас гигиенасын сақтап, …

Құрметті аудан тұрғындары! Read More »