САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Ай: Наурыз 2020

ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН ҚҰРЫЛЫСТАР БҰЗЫЛАДЫ

Сарыағаш ауданы әкімі М.Отаршиевтың тапсырмасына сәйкес, Сарыағаш қаласы, Қапланбек кеден бекеті аумағында қызыл сызыққа түскен заңсыз құрылыстар мен жеңіл құрылымды нысандарды реттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 2 нысанды бұзу жұмыстары жүргізілді.Алдағы уақытта заңсыз салынған нысандарды анықтап, ретке келтіру жұмыстары аудан көлемінде өз жалғасын табатын болады. (с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сарыағаш ауданында коронавирус дертінің алдын алу және тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында аудан әкімінің өкімімен арнайы штаб құрылған болатын. Штаб мүшелері аудан әкімі М.Отаршиевтың төрағалығымен өткен жиында бас қосты.Штаб отырысында қауіпті дерттен сақтану мен алдын алу мақсатындағы атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Барлық құзырлы мекемелердің қауіп анықталған жағдайда жедел әрекет етуге, тиісті оқшаулау, анықтау және емдеу шараларына дайындығы қайта …

ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Read More »

КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ПАКЕТТЕР ТАРАТЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында ашықтықты, әділеттікті және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ете отырып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін түзетуді тапсырған болатын. Осыған байланысты аудан бойынша жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің тәртібі бойынша тағайындалған отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пәкет үйлестірілді.Жалпы атаулы әлеуметтік көмек …

КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ПАКЕТТЕР ТАРАТЫЛДЫ Read More »

КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты төтенше жағдай бойынша тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары туралы Жарлығына сәйкес, бүгін аудан әкімдігіне қарасты аудандық Мәдениет үйі және спорт саласындағы мекемелерді дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ТЕК ОНЛАЙН АЛАТЫН БОЛАДЫ

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және оқшаулау шараларын күшейту мақсатында карантин барысында еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәлімдеді.Қазақстандықтарға бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-ы электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты арқылы …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ТЕК ОНЛАЙН АЛАТЫН БОЛАДЫ Read More »

Құрметті Сарыағаш ауданының тұрғындары!

Шымкент қаласында коронавирус ауруына шалдыққан бір адам тіркелуіне байланысты, Өзіңіздің және отбасыңыздың амандығын ойлап, барынша дәрігерлер ұсынған сақтық шараларын қатаң түрде сақтап, гигиена талаптарын бұлжытпай орындауға шақырамыз.Мұндай жағдайда ең дұрысы – үйден шықпай, тек қажеттілікке байланысты бір ғана адамның сыртқа шығып келуін дұрыс деп санаймыз. Оның өзінде де бетперде тағып, сақтық шараларын қолданып, адам көп …

Құрметті Сарыағаш ауданының тұрғындары! Read More »

Құрметті аудан тұрғындары!

Елімізде тарап жатқан коронавирус індетіне байланысты маскалардың жетіспеушілігі байқалуда. Осы жағдайды пайдаланып қолданылған маскаларды қоқыстан алып, қайта сатушылар пайда болуда. Сондықтан өздеріңіз қолданыстан шығарған маскаларыңызды өздеріңіз жоюларыңызды сұраймыз.

АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жаңа COVID-19 коронавирусынан тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында 2020 жылғы 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған болатын.Осыған орай, халық арасында COVID-19 коронавирус індетінің таралуын алдын алу мақсатында аудан әкімінің өкімімен құрылған жұмысшы топ аптаның дүйсенбі күні жұмыс жасайтын «Береке» базарын аралап мониторинг және түсіндіру …

АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ Read More »