САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

2020 ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ.

Бүгін аудан әкімінің орынбасары С.Тасқұлов 2019-2020 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 қаңтар күндері Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті базасында пәндік республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен пән мұғалімдерін қабылдады. С.Тасқұлов өз сөзінде: «Оқушыларға үлкен алғысын білдіріп, ауданымыздың мәртебесін көтеріп, ұстаздардың үмітін ақтап және бізді қуанышқа бөледіңіздер! Ауданымызда 14 оқушының республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлделі орынға ие болуы, өткен 2018-2019 оқу жылындағы Қазақстан бойынша ҰБТ-ден 140 балды Сарыағаш ауданының түлегінің алуының өзі, ауданымыздағы білім сапасының жақсарғанын білдіреді»- деп осындай жеңімпаз оқушыларды білімге баулып, тәрбиелеп отырған ауданымыздың ұстаздарына өз алғысын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.
Екі кезеңнен тұратын білім додасында қатысушылар 15 пән бойынша бақтарын сынады.
Олимпиада қорытындысы бойынша І орынды – 1 оқушы жеңіп алса, ІІ орынды – 3 оқушы, ІІІ орынды – 10 оқушы иеленді. 2 оқушы номинациямен марапатталды.
Айта кетерлік жайт, ауданымыздың оқушылары 2017-2018 оқу жылында пән олимпиадаларынан 8 оқушы жүлделі орынға ие болса, 2018-2019 оқу жылында 10 оқушы, 2019-2020 оқу жылында 14 оқушы жүлделі орынға ие болып отыр.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі