САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша жиын өтті

12 қыркүйек күні Сарыағаш ауданының орталық кітапханасында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында жиын өткізілді. Жиынға «Нұр Отан» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының орынбасары Қ.Қыстаубаев, Сарыағаш ауданы маслихат депутаты Қ.Пердеқұлов, Сарыағаш қаласының әкімі С.Сулейменова, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Омарбеков, ақсақалдар кеңесі, әжелер алқасы, мектеп басшылары, мәдени қызметкерлері, қала тұрғындары және Бақ өкілдері қатысты. Жиын барысында мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ҚР халқына жолдауында көрсетілген міндеттердің ел дамуы мен өркендеуіне негізделгені жөнінде жолдауды қолдау, жолдаудағы міндеттерді орындау, халық арасында жаппай насихаттауға аса көңіл бөлінуі керектігі айтылды. Халық зор ынтамен, белсенділікпен қабылдады.

(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі