САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

1-ЖЕЛТОҚСАН ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ.

Бүгін Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай мерекелік шара өтті. Еліміздің Әнұранымен бастау алған мерекелік жиынды аудан әкімі М.Отаршиев ашып, барша Сарыағаштықтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, ауданның өрлеу, өркендеу және рухани даму жолындағы еңбектері үшін өз атынан бірқатар азаматтарға арнайы алғыс хаттарды табыстады. Мерекелік көңіл-күйде өткен іс-шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов сөз алып Елбасының жетістіктері жайлы айтып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен барша Сарыағаштықтарды құттықтады. Іс-шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен үйлесімін тапты.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі