08.06.2019 жылы «Nur.kz» жаналықтар сайтына «Түркістан облысында ауыл тұрғындары сасық ауамен тыныстап жүр» атты мақалада көрсетілген сыни материал бойынша ақпараттық анықтама

Қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын полигон Жібек жолы елді мекен шегінен 2 шақырым жерде орналасқан. Полигон аумағы 1 га құрайды.

Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілгенімен, ауыл тұрғындары полигон бола тұра полигонға баратын 1 шақырым жолдың жиектері мен аумағына түнгі уақытта қатты қоқыс қалдықтарды тастап кетуін тоқтатпай отыр. Полигон аумағында заңсыз қоқыс тастаған тұлғаларға рейд жүргізіліп, нәтижесінде 1 тұрғынға айыппұл салынды. Кесте бойынша әр 15 күнде жол жиегімен полигон аумағына Жібек жолы ауылдық округі әкімдігі тарапынан тазалау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Қазіргі таңда полигонға баратын жолдағы және айналасындағы қоқыстар жойылып ретке келтірілді.