САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТТЕРІНІҢ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары С.Тасқұлов және Сарыағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Н.Бексеитов аудан орталығынан шалғайда орналасқан Дарбаза мен Әлімтау елді мекендерінде шілде айынан бастап құрылған кезеңдік өрттің алдын-алу бойынша уақытша өрт сөндіру бекеттерінің жұмысын пысықтады.

Бұл  кезеңдік өрттің алдын-алу бекеттерінің мақсаты дала және егістік алқаптарындағы өрттің алдын-алу болып табылады. Аталған өрт сөндіру бекеттерінде жеке құрамнан – 48 адам, 2 дана –  К-700 техникасы, 2 трактор мен 3 өрт сөндіру автокөлік жауынгерлік есепке қойылған.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі