САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БҰРЫШТАРЫ АРҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТ АЛУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Сарыағаш ауданы бойынша қала, кент және ауылдық округ әкімі аппараттарында, дербес бөлімдерде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылған. Бұл дегеніміз «Egov.kz», «Elicense.kz» электронды веб-порталдары арқылы алатын мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, жақын жерде орналасқан мекемелерден алуға болады. Бар болғаны, электронды-цифрлық қолтаңбамен, компьютермен және ғаламтор желісімен жұмыс істей білу қажет. Арнайы ашылған бұрыштарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ешкімнің көмегінсіз санаулы минуттарда жылдам, сапалы алуға болатындығын назарларыңызға жеткіземіз.

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштардың мекен-жайлары төмендегі кестеде көрсетілген.