САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ӨЗБЕКСТАН АЗАМАТТАРЫ ӨЗ ЕЛІНЕ КЕДЕРГІСІЗ ӨТУДЕ

Өзбекстан Республикасында енгізілген карантин режиміне байланысты үстіміздегі жылдың 23 наурызы мен 11 шілдесі аралығында көрші ел азаматтары өз елдеріне өте алмай «Жібек жолы» кеден бекетінде маңында бірнеше күн түнеуге мәжбүр болды.
Облыс әкімінің Өзбекстан Республикасына арнайы жасаған іс-сапары барысында екі ел арасында келісімдер жүргізіліп, осы мәселе оң шешімін тапты. Қазіргі таңға, яғни 11 шілдеден бастап Өзбекстан Республикасы тарапынан азаматтарын кедергісіз, әрі тұрақты қабылдау жолға қойылды. Кеден бекетінің маңында бүгінгі таңға еліне өте алмай тұрған Өзбекстан азаматтары жоқ.
Осы аралықта Сарыағаш ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен еріктілер мен демеушілер тарапынан еліне өте алмай тұрған азаматтар бір реттік ыстық тамақпен және басқада қажетті заттармен қамтамасыз етілді.
Кеден бекеті маңында күніне үш реттен санитарлық тазалық және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заласыздандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілді.
Сонымен қатар, шекарадан өткізу кезінде реттілік ұйымдастырылып, әйелдер, жас балаларды және жасы үлкен азаматтардың бірінші кезекте өткізуге басымдылық берілді.
Жас балалары бар әйел азаматшалар мен жүкті әйелдер сол маңдағы қонақ үйлерге тегін орналастырылып, қажетті көмектер көрсетілді.
Жалпы үстіміздегі жылдың 11 шілдесіне дейін Өзбекстан Республикасының 48009 азаматты өз еліне өткізілді.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі