САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Әуесханов Серік Елемесұлы 29 наурызында сағат 11-00-де азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) 2019 жылғы 16 қаңтардағы шешімімен Кеңес мүшелерінің азаматтарды жеке қабылдау кестесі түзілген.

Аталған кестеге сәйкес Кеңес мүшесі, «Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіподақтар Орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Әуесханов Серік Елемесұлы ағымдағы жылдың 29 наурызында сағат 11-00-де азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді.

Жеке қабылдау Департамент ғимаратында (Түркістан қаласы, Отырар шағын ауданы, н/з ғимарат (Департаменттер үйі) өтеді.

Осыған байланысты, жеке қабылдау жүргізілетіні туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, әкімдіктің және оның бөлімдерінің сайттарында, әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында хабарландыру беруді қамтамасыз ету қажет.

Хабарландыруда кездесудің өтетін уақыты мен мекен-жайы туралы мәліметтер болуы тиіс.

Атқарылған жұмыс туралы мәліметті (сілтемелер, газеттерден үзінді)
28 наурызда Департаментке ұсынуды сұраймын.

Департамент басшысы,

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы                                                               Ғ. Тұрсынбаев