САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДА

Мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмек күнкөрісі төмен отбасыларға өз кәсіптерін ашып, дамытуға берілген зор мүмкіндік. Атаулы әлеуметтік көмек алып, жағдайын жақсартып отырғандардың бірі Сарыағаш қаласының тұрғыны Халдарова Саткинай 2020 жылы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш тапсырған болатын. Халдарова Саткинай 2020 жылдың ақпан айынан бастап шартты ақшалай атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 203 460 теңге көлемінде қаражат алған. Қазіргі таңда отбасының отағасы Халдаров Бабамурад ағаш өңдейтін құрал жабдықтар алып, әртүрлі қолөнер туындыларын жасап шығаруда. Атап айтқанда түрлі нақыштағы ою-өрнектері бар орындықтар мен үстелдер, желбесік және сандық өнімдерін дайындап, отбасының күнкөріс деңгейін жақсартып отыр. Қазіргі таңда мұндай қолөнер туындыларына сұраныс көбейіп отыр. Үш баланың әкесі Бабамурад алдағы уақытта жеке кәсібін одан әрі кеңейтіп, бірнеше тұрғындарды жұмыспен қамтығысы келетінін жеткізді.Айта кетсек, Сарыағаш ауданында 2020 жылдың 8 айында 3612 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Оның ішінде 869 отбасыға шартсыз түрі тағайындалған болса, 2349 отбасыға шартты түрі тағайындалған. (с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі