САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ӘКІМДІК МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі Мұхит Отаршиевтың төрағалығымен әкімдік мәжіліс өтті.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды, атап айтқанда:
1. 2019 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша аудан бюджетінің атқарылуы туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т.Ноғаевтың баяндамасы тыңдалды.
2. Ауданда жылу беру маусымының өтуі, елді мекендердің сапалы энергиямен, табиғи газбен қамтамасыз ету жағдайы және жоспары туралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Б.Ерменов баяндама оқыды.
Мәжіліс барысында аудан басшысы бірінші кезекте электр энергиясымен және табиғи газбен қамтамасыз етілуі қажет елді мекендердің жоспарын нақтылау жөнінде қатаң ескерту жасады.
Сонымен қатар, жылу беру маусымында туындауы мүмкін мәселелерді нақты айқындап, алдын алу бойынша тиісті мекеме басшыларына және қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі