САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мұхит Әскерұлы Досполов 2019 жылдың 25 қыркүйек күні сағат 15.00 де аудан әкімі аппараты ғимаратында мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауда Сарыағаш ауданының жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі – мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету бойынша өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация берді.

(С) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі