САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРГЕ БАРДЫ

7 қазан күні  Түркістан облысы әкімінің Әдеп жөніндегі уәкілі Әлішев Әмірдин Мұхиденұлы ауданымызға арнайы іссапармен келіп, Қызылжар, Жемісті және Дербісек ауылдық округтерін аралап, жергілікті  атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерімен жиын өткізді. Әдеп жөніндегі уәкіл жүргізген анонимдік сауалнаманың қорытындысын талқылау және ол бойынша алдағы уақытта жүргізілуге тиісті жұмыстар туралы  және мемлекеттік қызмет саласында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша оның болуы мүмкін тәуекелдері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

(с) Ауданы әкімінің баспасөз қызметі