САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ҰСТАЗДАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

Бүгін Сарыағаш қаласындағы №12 «Толыбай батыр» орта мектепте ұлағатты ұстаздар күніне орай мерекелік шара өтті.

Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Тасқұлов Смайл, аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Тастанбеков Әкімбай, ауданның білім бөлімінің басшысы Майрихов Бауыржан, ауданның Құрметті азаматтары, ардагер ұстаздар, мекеме басшылары, ұстаздар қауымы және БАҚ өкілдері қатысты.

Аталған іс-шараны құттықтау лебізімен аудан әкімінің орынбасары Тасқұлов Смайл ашып берді.

Кеш барысында, бірқатар ұстаздар қауымы облыс, аудан және Білім басқармасының Алғыс хатымен, Құрмет грамотасымен марапатталып, жас мамандар тарапынан  ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді.

Мерекелік кеш соңы, концерттік бағдарламаға ұласты

(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі.