САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Аудан әкімі Мұхит Отаршиев тиісті бөлім басшылары және сала мамандармен бірге Сарыағаш қаласындағы Қапланбек оқу тәжірибе шаруашылығы аумағына салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы барысымен танысты.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында 10 га аумаққа салынып жатқан 5 қабатты 45 пәтерлі 13 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстарын 6 мердігер мекеме жүргізуде.

Тұрғын үйдің әрқайсысы 45 пәтерден, жалпы 585 отбасы баспанамен қамтамасыз етілу мақсатталған. Қазіргі таңда тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын.

Құрылыстың жай жапсарымен танысқан аудан басшысы жауаптыларға бұл іске екпін беруді және құрылысты жүргізуші мердігер мекеме өкілдеріне халық игілігі үшін жасалынып жатқан нысандардың жұмысын сапалы әрі уақтылы жүруін қатаң түрде тапсырды.

Айта кетейік, құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған асыраушысынан айырылған және көпбалалы отбасылар, жетім балалар, соғыс ардагерлері мен  бюджеттік сала қызметкерлеріне берілуі жоспарланған.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.