САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Құрметті ұстаздар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде Мұғалімдер күні – бүкілхалықтық дәстүрлі мерекеге айналып отыр. Ұстаздар қауымы қоғамда қашанда ерекше орын алады. Сол себепті де білім мен мәдениеттің жаршысы болған оларға өсер ұрпақтың тәрбиесі, елдің болашағы сеніп тапсырылып келеді. Мұғалiм терең бiлiм, кәсiби тәжiрибе, белсендi азаматтық позициялары және жас ұрпақтың тағдыры үшiн жауапкершiлiктi сезiне отырып, қазiргi бiлiм жүйесiнiң табысты дамуын анықтайды.

Құрметтi мұғалiмдер! Сiздердiң жемiстi еңбектерiңiз, жүрек жылуы және мейiрбандылықтарыңыз Қазақстанның жарқын болашағын қалыптастырады.

Бiлiм саласын өркендетуге айтарлықтай үлестерiн қосқан педагогикалық еңбек ардагерлерiне ерекше алғысымды бiлдiремiн.

Сiздердi күзгi айтулы мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға ырыс-береке, игiлiктi iстерiңiзде шығармашылық табыс тiлеймiн!

Құрметпен,

Сарыағаш ауданының әкімі

М.Отаршиев