САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

2020 жылғы 13 шілде

Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Құрметті Сарыағаш ауданының тұрғындары!

Шымкент қаласында коронавирус ауруына шалдыққан бір адам тіркелуіне байланысты, Өзіңіздің және отбасыңыздың амандығын ойлап, барынша дәрігерлер ұсынған сақтық шараларын қатаң түрде сақтап, гигиена талаптарын бұлжытпай орындауға шақырамыз.
Мұндай жағдайда ең дұрысы – үйден шықпай, тек қажеттілікке байланысты бір ғана адамның сыртқа шығып келуін дұрыс деп санаймыз. Оның өзінде де бетперде тағып, сақтық шараларын қолданып, адам көп шоғырланған жерлерге бармауларыңызды сұраймыз.
Өзге үшін емес, өзіміз үшін денсаулығымызды барынша қорғау мақсатында жеке бастың гигиенасын қатаң сақтап жүру қажет.

Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі