САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Құрметті оқушылар мен ұстаздар, Қадірлі ата-аналар, мектеп түлектері!

Бүгінгі салтанатты соңғы қоңырау мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! 
        Соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға. Түлектер он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады.

Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр.
Ел тәуелсіздігінің 28 жылдығы қарсаңында Сарыағаш ауданының білімді, дарынды, жалынды жастарына ақ жол, сәт-сапар тілеймін.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Білім – ұлы күш. Адамзатты терең ойға кемел білім жетелейді»,- деп атап өткендей, ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры.
Биылғы оқу жылында ауданымызда барлығы 2500-ден астам  оқушы аяқтағалы отыр, оның ішінде 1450 бала  ұлттық бірыңғай тестілеуден өтеді. 118 –оқушы «Алтын белгіге» үміткер.

Осындай шәкірттерді тәрбиелеп отырған ұстаздарға мереке қарсаңында еңбектеріңіздің жемісті болуына тілектеспін.

Білімді, білікті мамандары көп ел ғана мықты мемлекет бола алады. Болашақта Қазақстанның озық 30 елдің қатарына кіруіне бүгінгі білімді ұрпақ үлес қосуы тиіс. Міне, осы бағытта Сарыағаш ауданы мектептерінің жасап жатқан жұмыстарына сәттілік тілеймін.

Құрметті жас түлектер!

Бүгінгі күн Сіздер үшін – ерекше күн, үлкен өмір жолының бастауы болғалы тұр.
Сондықтан, өмірде қанаттарың талмасын, озық ойлы, білімді, парасатты азамат болыңдар.
Жас түлектерімізге сәт-сапар, ақ жол тілеймін.

Еліміз өркендеп, өсе берсін!