САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Құрметті аудан тұрғындары!

Азаматтардың денсаулығы үшін жасалып отырған өте маңызды қадамдарды ең алдымен өзімізден бастап, залалсыздандыру құралдарын пайдалана отырып, сақтық шараларын жүргізгеніміз абзал. Тазалық – денсаулық кепілі екені әрдайым ойымызда болуы керек.
Баршаңыздан адамзат басына түскен осы сын сәттерде ынтымақпен берекелі әрекет жасауларыңызды сұранамын. Татулық пен бірліктің арқасында кез-келген қиындықтан шығуға болады.
Бәріміз сабырлылық сақтап, бір адамдай жұмылып, қауіпті індетпен күресе білсек, береке мен бірліктің жеңетіні анық.

Сарыағаш ауданының әкімі
М.Отаршиев