САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Құркелес ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

Сарыағаш қаласы                                                    «__»______2019 жыл

         Сарыағаш ауданы әкімінің 28.05.2019 жылғы №53 «Құркелес ауылдық округі әкімі аппараты қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» шешімі негізінде құрылған жұмысшы топ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Құркелес ауылдық округі әкімі аппаратының             (бұдан әрі – Аппарат) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

         Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 2019 жылдың                  30 мамырына – 14 бірлікті, келісім шарт негізінде қабылданатын штат бірліктерінің саны – 10 бірлікті құрайды. Бос тұрған лауазым жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кезеңінде Құркелес ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) м.у.а А.Рахимбердиевтің 27.02.2018 жылғы №03 өкімімен Отарбаев Кенес Бегайдарович мезгілсіз қайтыс болуына байланысты аппараттың инфраструктура мәселелері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және мемлекеттік меншік бойынша бас маманы қызметінен босатылған.

Ауылдық округ әкімінің 25.04.2018 жылғы №06 өкімімен аппараттың бас маман статисті Уатбаев Зулпухар Сатыбалдиевич 2018 жылдың 25 сәуірінен бастап өз еркімен жұмыстан шығарылған.

Ауылдық округ әкімінің 19.06.2019 жылғы №15 өкімімен Бейсенов Аскат Намазбекович 2018 жылдың 19 маусымынан бастап аппараттың бас маман статисті лауазымына тағайындалып, жетекші маман әскери есеп жүргізушісі лауазымынан босатылған.

Ауылдық округ әкімінің 21.06.2018 жылғы №17 өкімімен аппараттың әлеуметтік мәселе бойынша жетекші маманы Базаркулова Салтанат Абдигалиевна 2018 жылдың 21 маусымынан бастап өз еркімен жұмыстан шығарылған.

Ауылдық округ әкімінің 02.07.2018 жылғы №21 өкімімен аппараттың жетекші маман әскери есеп жүргізушісі Бекмурадова Нуржамал Куандыковна  2018 жылдың 02 шілдесінен бастап өз еркімен жұмыстан шығарылған. Бұл лауазымды 19.06.2019 жылға дейін аппараттың бас маман статисті А.Бейсенов атқарған. Алайда, өкімдердің ішінде Н.Бекмурадованың аппараттың жетекші маман әскери есеп жүргізушісі лауазымына тағайындалған өкімі жоқ.

Ауылдық округ әкімінің 24.07.2018 жылғы №29 өкімімен Бисенбаев Казбек Садуллаевич 2018 жылдың 24 шілдесінен бастап аппараттың келісім-шарт негізінде инспектор қызметінен босатылған.

Ауылдық округ әкімінің 25.07.2018 жылғы №30 өкімімен Бисенбаев Казбек Садуллаевич 2018 жылдың 25 шілдесінен бастап аппараттың инфраструктура мәселелері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және мемлекеттік меншік бойынша бас маманы міндетін уақытша атқару үшін қабылданған.

Ауылдық округ әкімінің 25.07.2018 жылғы №32 өкімімен Анаркулова Гулзипа Куандыковна 2018 жылдың 25 шілдесінен бастап аппараттың келісім шарт негізінде инспектор қызметіне қабылданған. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28 бабының 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сайланбалы қызметтердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының, әскери қызметте тұрған адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары жұмыскерлерінің бос лауазымдарын қоспағанда, бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жiберуге міндетті делінген талабы сақталынған.

Ауылдық округ әкімінің 15.10.2018 жылғы №53 өкімімен Икрамова Махбуба Таджибаевна зейнеткерлік жасқа толуына байланысты, 2018 жылдың 15 қазанынан бастап аппараттың келісім-шарт негізіндегі еден жуушысы қызметінен босатылған.

Ауылдық округ әкімінің 23.10.2018 жылғы №58 өкімімен Исакова Багила Турлыбековна 2018 жылдың 23 қазанынан бастап аппараттың келісім шарт негізінде еден жуушысы қызметіне қабылданған. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28 бабының 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сайланбалы қызметтердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының, әскери қызметте тұрған адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары жұмыскерлерінің бос лауазымдарын қоспағанда, бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жiберуге міндетті делінген талабы сақталынған.

Ауылдық округ әкімінің 07.11.2018 жылғы №61 өкімімен Бисенбаев Казбек Садуллаевич 2018 жылдың 07 қарашсынан бастап, 2019 жылдың 07 ақпанына дейін сынақ мерзімімен аппараттың инфраструктура мәселелері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және мемлекеттік меншік бойынша бас маманы лауазымына тағайындалған.

Ауылдық округ әкімінің 05.03.2019 жылғы №26 өкімімен аппараттың келісім шарт негізіндегі статистігі Есиркепова Гулдана Куралбековна 2019 жылдың 5 наурызынан бастап, 2021 жылдың 12 желтоқсанына дейін бала күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс берілген. Ауылдық округ әкімінің 13.03.2019 жылғы №31 өкімімен Есиркепова Гулдана Куралбековна қызметіне кіріскенге дейін, Жакипбаев Руслан Каскырбаевич  2019 жылдың 13 наурызынан бастап аппараттың келісім шарт негізіндегі статистігі қызметіне қабылданған. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28 бабының 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сайланбалы қызметтердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының, әскери қызметте тұрған адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары жұмыскерлерінің бос лауазымдарын қоспағанда, бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жiберуге міндетті делінген талабы сақталынған.

         Облыс әкімдігінің 03.08.2018 жылғы №226 қаулысымен бекітілген Түркістан облысындағы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында аудан әкімдігінің 25.09.2018 жылғы №407 қаулысымен Сарыағаш ауданында жүзеге асыру жөнінде 2018-2020 жылдары атқарылуға тиіс аудан әкімдігінің іс-шаралар жоспары (әрі қарай – іс-шара жоспары) бекітілген.

         Іс-шара жоспары негізінен профилактикалық жұмыстардан  (конференция, дөңгелек үстел, семинар кеңес, брифингтер, акция, қоғамдық тыңдау, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу, мақала жариялау) тұрады.

         Іс-шара жоспарының Аппаратқа қатысты бөлігін орындау үшін іс-шаралар жоспары ауылдық округ әкімінің шешімімен бекітілмеген.

          2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын Сарыағаш ауданында  жоспардың орындалуы бойынша 2018-2019 жылдарға мәліметтер сапасыз жинақталған және бір-бірін қайталайтын мәліметтер көрсетілген. Іс-шаралардың орындалуын дәлелдейтін құжаттар түгел емес. Бекітілген іс-шаралардың қағаз жүзінде ғана жүріп, формальды сипат алып кеткендігін көрсетеді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына ауылдық округ әкімінің бірде бір мақаласы жарияланбаған.

         Іс-шараға сай Аппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыруға жауапты тұлға бекітілмеген, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «сенім» телефондары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланбаған. 2018 жылы 3 рет қана жиналыс өткізіліп, хатттамалары рәсімделген. Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлық қарсы күрес комиссиясының тоқсандық отырыстарында берілген хаттамалық тапсырмаларының орындалуы жөніндегі мәліметтер жинақталмаған.

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының   17-бабында азаматтың өтiнiшiн қарау нәтижелерi туралы шешiмге шағым жасау:

      1. Өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге өтініш берушi жоғары тұрған мемлекеттiк органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сотқа шағым жасауы мүмкін.

      2. Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағым беру және оны қарау тәртібі осы Заңда белгіленетіндігі атап көрсетілген.

Алайда, ауылдық округі әкімі аппаратында  тіркелген 29.05.2018 ж №ЖТ-Т-241, 08.06.2018 ж № ҰҚ-266,  05.09.2018 ж №ҰҚ-327, 17.09.2018 ж №ҰҚ-336, 14.12.2018 ж №ҰҚ-397, 21.09.2018 ж №ЖТ-А-337 арыздарында арызданушыларға жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды тұлғаға) не сотқа шағымдануға құқықтары түсіндірлмеген.

         Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңының  8-бабының 1 тармағында Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады деп көрсетілгеніне қарамастан 28.02.2018 жылғы №ЖТ-М-127 М.Мырзабаевтың  арызына 16.03.2018 жылы жауап беріліп, 3- күнге кешіктірілген. Осы мағыналас кемшіліктер 16.04.2018 ж №ЖТ-М-197, 05.05.2018 ж №ЖТ-У-220, 21.05.2018 ж №ЖТ-Ж-225, 16.07.2018 ж №ЖТ-Н-287, 26.07.2018 ж №ҰҚ-281, 28.11.2018 ж №ҰҚ-38505.12.2018 ж №ҰҚ-391, 20.02.2019ж №ЖТ-О-73 арыздарда да орын алған және осы бапта арыздардың қарау мерзімдері нақты көрсетілгеніне қарамастан Келес ауылының тұрғыны Р.Мусаевтың 08.08.2018 жылғы №ЖТ-М-302 арызына бүгінгі күнге дейін жауап берілмеген. 

         Сонымен қатар Заңның  7-бабының 6 тарамғында  Өтiнiште қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiн субъектiге немесе лауазымды адамға келiп түскен өтiнiш субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тиiстi субъектiлерге жiберiледi, бұл туралы өтініш берушiге хабарланады делінген талабы нақты көрсетілген.

Дегенмен, 08.06.2018 жылғы №ҰҚ-266 арызы 1 күнге кешіктіріліп жолданған. Осыған ұқсас 08.09.2018 ж №ҰҚ-327, 17.09.2018 ж №ҰҚ-336, 14.12.2018 ж №ҰҚ-397, 21.09.2018 ж №ЖТ-А-337  арыздарда орын алған және 21.05.2018 жылғы азамат С.Жораевтың №ЖТ-Ж-225 арызында Еңкес елді мекенінің ауыл биі ар- намысына тйетін дөрекі сөз айтқан арызының тиісті бөлігін қарау ауылдық округі әкімінің құзырына жатпауына  қарамастан  аудандық ішкі істер басқармасына  жолдамай түсіндірме ретінде жауаптар берілген.

Құркелес ауылдық округ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің-7 түрін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының 5 бабы 2 тармағы                          2 тармақшасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін қажетті жағдайлар жасалған.  

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 5 бабының 2 тармағы 3 тармақшасына сәйкес мемлекеттік көрсететін қызмет стандарты мен тиісті ақпараттар ғимараттың көрінетін жерінде қолжетімді нысанда орналастырылған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 4 тармағының 1) тармақшасына сай, көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға және порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін;

         Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді делінген.

Ал, құжаттарды ішінара қарау барысында 31.06.2018 жылы өтініш тапсырған Г.Абдулюмидтің, 22.11.2018 жылы өтініш тапсырған К.Байтасовтың, құжаты стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімде қызмет нәтижесі ұсынылмаған. Яғни мерзімі бұзылып орындалған.

         Жоғарыда көрсетілгендерге байланысты анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша Аппаратқа мынадай ұсынымдар беріледі:

1. Қызметшілерді жұмысқа қабылдау және босату кезінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтау;

         2. Облыс әкімдігінің 03.08.2018 жылғы №226 қаулысымен бекітілген Түркістан облысындағы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында ауданда бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалуын қатаң бақылауға алу;

         3. Аппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жандандыру;

         4. Жеке және заңды тұлғлалардың өтініштерін қарау кезінде «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы мен «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтау;

5. Аппарат қызметшілері арасында жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында қосымша құқықтық оқуларды ұйымдастыру;

6. Жұмыс барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттер қатаң басшылыққа алынсын;

7. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабында көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттарына сәйкес ЖОМ-мен ұсынылатын қызметтердің ашықтығын, қолжетімділігін және тиімділігін қамтамасыз етсін;

8.  Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларына сәйкес тоқсан сайын берілетін есепті сапалы, көрсетілетін қызметтердің санын нақты  көрсету;

9. Орын алған заң бұзушылықтар мен кемшіліктердің орын алуына жол берген жауапты тұлғалардың және жоғарыда аталған салаларға жетекшілік ететін ауылдық округ әкімі орынбасарларының тәртіптік жауапкершіліктерін қарау;

10. Анықтамада берілген ұсыныстардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді аудан әкімі аппараты персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімшесіне 10 жұмыс күні ішінде жолдауды тапсырамын.

Аудан әкімі

аппаратының басшысы,

жұмысшы топ жетекшісі                                                 М.Досполов

Келісілді:

Аудан әкімі аппараты

персоналды басқару қызметі

(кадр қызметі) бөлімшесінің басшысы                                         Е.Тастемиров

Аудан әкімі аппараты

жалпы және әкімшілік

бөлімшесінің басшысы                                                                  Н.Канатбаев

Аудан әкімі аппараты

ақпараттандыру және мемлекеттік

қызмет көрсету монитрингі

бөлімшесінің басшысы                                                                  Е.Мусаев

Аудан әкімі аппараты ұйымдастыру

бөлімшесінің басшысы                                                                  Ә.Жапбаров

Аудан әкімі аппараты

заң бөлімшесінің бас инспекторы                                       Е.Каипжан

Аудан әкімі аппараты

персоналды басқару қызметі

(кадр қызметі) бөлімшесінің

бас инспекторы                                                                    Д.Турсункулов

Құркелес ауылдық округі әкімінің м.у.а                                     А.Рахимбердиев