САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан аумағында қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жергілікті тұрғындармен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің бастығы Нуралиев Ермек Серікбайұлының 2019 жылдың 8 айында қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстары бойынша есебі тыңдалды. Ермек Серікбайұлы «атқарылған іс-шаралар нәтижесінде жалпы тіркелген қылмыстардың саны 2 есеге кемуіне, ал қылмыстың ашылуы 62,5%-дан 87,1 пайызға жоғарылауына қол жеткізілгенін» атап өтті.
Кездесу соңында жиынға қатысқан тұрғындардың сұрақтарына түсіндірмелер берілді.
(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызмет