САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

Сарыағаш қаласы                                                    «__»______2019 жыл

         Сарыағаш ауданы әкімінің 30.07.2019 жылғы №74 «Қызылжар ауылдық округі әкімі аппараты қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» шешімі негізінде құрылған жұмысшы топ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратының             (бұдан әрі – Аппарат) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

         Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 2019 жылдың                  01 тамызына – 8 бірлікті, келісім шарт негізінде қабылданатын штат бірліктерінің саны – 6,5 бірлікті құрайды. Бос тұрған лауазым аппараттың әлеуметтік мәселе жөніндегі бас маманы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кезеңінде Қызылжар ауылдық округінің әкімінің (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі)  29.01.2018 жылғы №02 өкімімен Сыздықова Гүлфариза Жамбулқызы 2018 жылдың 29 қаңтарынан бастап, аппараттың жетекші маман әскери есеп жүргізушісі лауазымына тағайындалған.

Ауылдық округ әкімінің 06.03.2018 жылғы №08 өкімімен Джумаханова Майра Мусаевна 2018 жылдың 06 наурызынан бастап, аппараттың бас маман заңгері қызметінен босатылған.

Ауылдық округ әкімінің 04.07.2018 жылғы №15 өкімімен Ержанов Бексултан Галидуллаевич 2018 жылдың 04 шілдесінен бастап, аппараттың бас маман заңгерінің міндетін уақытша атқару үшін қабылданған.

Ауылдық округ әкімінің 09.07.2018 жылғы №16 өкімімен Ержанов Бексултан Галидуллаевич 2018 жылдың 09 шілдесінен бастап, аппараттың бас маман заңгерінің міндетін уақытша атқарушысы қызметінен босатылған.

Ауылдық округ әкімінің 02.08.2018 жылғы №20 өкімімен Сыздықова Гүлфариза Жамбулқызы 2018 жылдың 03 тамызынан бастап, аппараттың жетекші маман әскери есеп жүргізушісі қызметінен босатылған.

Ауылдық округ әкімінің 20.03.2018 жылғы №01 өкімімен Данияров Жетписбай Момбекович 2018 жылдың 20 наурызынан бастап, аппараттың келісім шарт негізіндегі жұмысшысы болып қабылданған.

Ауылдық округ әкімінің 26.07.2018 жылғы №03 өкімімен Менликулов Бакберген Шалкарович 2018 жылдың 26 шілдесінен бастап аппараттың келісім шарт негізіндегі көлік жүргізушісі қызметінен босатылған.

Ал, босаған бос орынға ауылдық округ әкімінің 04.01.2019 жылғы №01 санды сұраныс хатына сәйкес ауданның жұмыспен қамту орталығының директоры Д.Динашованың 08.01.2019 жылғы №33 жолдамасы негізінде ауылдық округ әкімінің 08.01.2019 жылғы №01 өкімімен Абдиров Ерболат Кудайбергенович аппараттың жеке еңбек шарты негізінде автокөлік жүргізушісі етіп жұмысқа қабылданған.

Алайда, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28 бабының 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сайланбалы қызметтердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының, әскери қызметте тұрған адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары жұмыскерлерінің бос лауазымдарын қоспағанда, бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жiберуге міндетті делінген талабы сақталынбаған. Бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап емес, бос жұмыс орны пайда болғаннан кейін, 5 ай 9 күнге кешіктіріп  жұмыспен қамту орталығына жіберілген.

Ауылдық округ әкімінің 06.05.2019 жылғы №09 өкімімен Абдиров Ерболат Кудайбергенович 2019 жылдың 06 мамырынан бастап аппараттың келісім шарт негізіндегі көлік жүргізушісі қызметінен босатылған.

Ал, босаған бос орынға ауылдық округ әкімінің 08.05.2019 жылғы №248 санды сұраныс хатына сәйкес ауданның жұмыспен қамту орталығының директоры Д.Динашованың 13.05.2019 жылғы №972754 жолдамасы негізінде ауылдық округ әкімінің 14.05.2019 жылғы №10 өкімімен Менликулов Бакберген Шалкарович аппараттың жеке еңбек шарты негізінде автокөлік жүргізушісі етіп жұмысқа қабылданған.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28 бабының 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сайланбалы қызметтердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының, әскери қызметте тұрған адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары жұмыскерлерінің бос лауазымдарын қоспағанда, бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жiберуге міндетті делінген талабы сақталынған.

Жоғарыда орын алған заң бұзушылықтар мен кемшіліктердің орын алуына кадр саласына жауапты лауазымды тұлғаның салғырттығынан және заң талаптарын білмеуінің салдарынан орын алған.

Облыс әкімдігінің 03.08.2018 жылғы №226 қаулысымен бекітілген Түркістан облысындағы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында аудан әкімдігінің 25.09.2018 жылғы №407 қаулысымен Сарыағаш ауданында жүзеге асыру жөнінде 2018-2020 жылдары атқарылуға тиіс аудан әкімдігінің іс-шаралар жоспары (әрі қарай – іс-шара жоспары) бекітілген.

         Іс-шара жоспары негізінен профилактикалық жұмыстардан  (конференция, дөңгелек үстел, семинар кеңес, брифингтер, акция, қоғамдық тыңдау, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу, мақала жариялау) тұрады.

         Іс-шара жоспарының Аппаратқа қатысты бөлігін орындау үшін іс-шаралар жоспары ауылдық округ әкімінің 04.12.2018 жылғы №44 шешімімен бекітілген.

          2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын Сарыағаш ауданында  жоспардың орындалуы бойынша 2018 жылға мәліметтер жинақталған. Іс-шаралардың орындалуын дәлелдейтін құжаттар түгел емес. Тек қана, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық оқумен, БАҚ-қа жарияланған мақалалар мен сыртқы жарнамалармен ғана шектелген. Бекітілген іс-шаралардың қағаз жүзінде ғана жүріп, формальды сипат алып кеткендігін көрсетеді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына ауылдық округ әкімінің мақаласы жарияланбаған. Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлық қарсы күрес комиссиясының тоқсандық отырыстарында берілген хаттамалық тапсырмаларының орындалуы жөніндегі мәліметтер толық емес және сапасыз орындалған.

         Іс-шараға сай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «сенім» телефондары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған.

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын Сарыағаш ауданында  жоспардың орындалуы бойынша 2019 жылға мәліметтер жинақталған. Іс-шаралардың орындалуын дәлелдейтін құжаттары түгел. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына ауылдық округ әкімінің мақаласы жарияланған. Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлық қарсы күрес комиссиясының тоқсандық отырыстарында берілген хаттамалық тапсырмаларының орындалуы жөніндегі мәліметтер жинақталған.

         Іс-шараға сай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «сенім» телефондары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 бұйрығымен бекітілген ереженің Өтініштерді қабылдау және есепке алу тәртібі туралы 2-ші тармағында:

        Кез келген келіп түскен өтініш өтініштің мазмұны бойынша қысқаша деректерді өтінішті есепке алу карточкасында немесе ведомстволық ақпараттық есепке алу нысанында бекіту және тіркеу нөмірін тағайындау арқылы тіркелуі тиіс.

       Өтініштің тіркеу нөмірі автоматты түрде толассыз тәртіпте беріледі.
       Жеке тұлға өтінішінің тіркеу нөмірі «ЖТ» әріптік индексінен, автор тегінің бірінші әрпінен және өтінішті есепке алу карточкасындағы реттік нөмірден тұрады.

       Заңды тұлға өтінішінің тіркеу нөмірі «ЗТ» әріптік индексінен, өтінішке қол қойған лауазымды тұлға тегінің алғашқы әрпінен және өтінішті есепке алу карточкасындағы реттік нөмірден тұрады.

       Жасырын өтініштің тіркеу нөмірі «АНМ» әріптік индексінен және өтінішті есепке алу карточкасындағы реттік нөмірден тұрады.

Ұжымдық өтініштің тіркеу нөмірі «ҰҚ» әріптік индексінен және өтінішті есепке алу карточкасындағы реттік нөмірден тұрады деп көрсетілген. Алайда ауылдық округі әкімі аппаратында тіркелген ұжымдық арызы  «№ҰЖ-Р-139» және жеке қабылдауда болған азматтардың арыздары «ЖК»  деп қате тіркелген.

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының   17-бабында азаматтың өтiнiшiн қарау нәтижелерi туралы шешiмге шағым жасау:

      1. Өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге өтініш берушi жоғары тұрған мемлекеттiк органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сотқа шағым жасауы мүмкін.

      2. Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағым беру және оны қарау тәртібі осы Заңда белгіленетіндігі атап көрсетілген.

Алайда, ауылдық округі әкімі аппаратында  тіркелген 14.11.2018 ж №ҰЖ-Р-139, 19.10.2018 ж №ЖК-Б-134, 10.10.2018 ж №ЖК-К-132, 12.08.2018 ж №ЖК-О-129, 26.07.2018 ж №ЖК-М-49, 14.06.2018ж №ЖК-Е-40 арыздарында арызданушыларға жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды тұлғаға) не сотқа шағымдануға құқықтары түсіндірлмеген.

Мемлекеттiк органдарда қызметтiк құжаттардың қаралуы мен өтуi туралы 12-баптың 4- тарамағында  Құжаттарға мемлекеттiк органның атынан оның басшысы, оны ауыстыратын адам (осы органда белгiленген қызметтiк мiндеттердi бөлуге сәйкес) не осы органның өзге уәкiлеттi лауазымды адамы қол қояды деп көрсетілгеніне қарамастан, 05.10.2018 ж №ЖК-Д-130, 17.05.2019 ж №ЖТ-А-32, 22.05.2019 ж № ЖК-Е-34, 17.05.2019 ж № ЖК-О-33, 06.05.2019 ж № ЖК-С-27 арыздардың жауаптарына ауылдық округі әкімі және оның орынбасары қол қоймаса да жауаптарына тіркеу номері мен күні, айы жылы қойылып берілген.

Аппараттың 2018 жылғы және 2019 жылдың 12 тамызына дейін қабылданған шешімдеріне талдау жүргізіліп төмендегі кемшіліктер анықталды.

1. Ауылдық округі әкімінің 02.02.2018 жылғы №06 «Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына өзгерістер енгізу туралы» шешімінің 1-тармағында: 2018 жылдың мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін – деп көрсетілген.       

Кемшілік: алайда, аталған шешімге өзгеріс енгізілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары қоса тігілмеген.

         2. Ауылдық округі әкімінің 07.03.2018 жылғы №09 «Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына өзгерістер енгізу туралы» шешімінің 1-тармағында: 2018 жылдың мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін – деп көрсетілген.       

         Кемшілік: алайда, аталған шешімге өзгеріс енгізілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары қоса тігілмеген.

        3. Ауылдық округі әкімінің 02.04.2018 жылғы №10 «Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына өзгерістер енгізу туралы» шешімінің 1-тармағында: 2018 жылдың мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін – деп көрсетілген.       

Кемшілік: алайда, аталған шешімге өзгеріс енгізілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары қоса тігілмеген.

        4. Ауылдық округі әкімінің 10.05.2018 жылғы №19 «Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына өзгерістер енгізу туралы» шешімінің 1-тармағында: 2018 жылдың мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін – деп көрсетілген.       

Кемшілік: алайда, аталған шешімге өзгеріс енгізілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары қоса тігілмеген.

        5. Ауылдық округі әкімінің 01.06.2018 жылғы №23 «Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына өзгерістер енгізу туралы» шешімінің 1-тармағында: 2018 жылдың мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін – деп көрсетілген.       

Кемшілік: алайда, аталған шешімге өзгеріс енгізілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары қоса тігілмеген.

        6. Ауылдық округі әкімінің 02.07.2018 жылғы №26 «Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына өзгерістер енгізу туралы» шешімінің 1-тармағында: 2018 жылдың мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін – деп көрсетілген.       

Кемшілік: алайда, аталған шешімге өзгеріс енгізілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары қоса тігілмеген.

         7. Ауылдық округі әкімінің 01.08.2018 жылғы №28 «Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына өзгерістер енгізу туралы» шешімінің 1-тармағында: 2018 жылдың мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін – деп көрсетілген.       

Кемшілік: алайда, аталған шешімге өзгеріс енгізілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары қоса тігілмеген.

          8. Ауылдық округі әкімінің 03.09.2018 жылғы №29 «Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына өзгерістер енгізу туралы» шешімінің 1-тармағында: 2018 жылдың мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін – деп көрсетілген.       

Кемшілік: алайда, аталған шешімге өзгеріс енгізілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары қоса тігілмеген.

          9. Ауылдық округі әкімінің 30.11.2018 жылғы №42 «Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі №04 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі шыққан.

         Кемшілік: аталған шешімге өзгеріс енгізілетін шешімнің көшірмесі, ауданның құрылыс бөлімінің шешімге өзгеріс енгізу жөніндегі хаты тігілмеген.

        10. Ауылдық округі әкімінің 04.12.2018 жылғы №43 «Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына өзгерістер енгізу туралы» шешімінің 1-тармағында: 2018 жылдың мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін – деп көрсетілген.       

Кемшілік: алайда, аталған шешімге өзгеріс енгізілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары қоса тігілмеген.

11. Қызылжар ауылдық округі әкімінің 04.01.2019 жылғы №01 «Қызылжар ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2019 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіту туралы» шешімінің 1-тармағында: 2019 жылға арналған тауарларды, жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін – деп көрсетілген.

Кемшілік: аталған шешімге бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары қоса тігілмеген.

12. Ауылдық округі әкімінің 14.01.2019 жылғы №05 «2019-2021 жылдарға  арналған қала, кент және ауылдық округтердің бюджеттері туралы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы №33-325-VI шешімін іске асыру туралы» шешімінің қосымшалары (кемшілік) әкім аппаратының мөрімен бекітілмеген.

13. Ауылдық округі әкімінің 16.01.2019 жылғы №07 «Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына өзгерістер енгізу туралы» шешімінің 1-тармағында: 2019 жылдың мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін – деп көрсетілген.       

Кемшілік: алайда, аталған шешімге өзгеріс енгізілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары қоса тігілмеген.

14. Ауылдық округі әкімінің 05.02.2019 жылғы №09 «Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына өзгерістер енгізу туралы» шешімінің 1-тармағында: 2019 жылдың мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін – деп көрсетілген. 

Кемшілік: аталған шешімге өзгеріс енгізілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары қоса тігілмеген.

15. Ауылдық округі әкімінің 01.03.2019 жылғы №11 «Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына өзгерістер енгізу туралы» шешімінің 1-тармағында: 2019 жылдың мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін – деп көрсетілген. 

Кемшілік: аталған шешімге өзгеріс енгізілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары қоса тігілмеген.

16. Ауылдық округі әкімінің 02.04.2019 жылғы №14 «Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына өзгерістер енгізу туралы» шешімінің 1-тармағында: 2019 жылдың мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін – деп көрсетілген. 

Кемшілік: аталған шешімге өзгеріс енгізілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары қоса тігілмеген.

17. Ауылдық округі әкімінің 02.05.2019 жылғы №16 «Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына өзгерістер енгізу туралы» шешімінің 1-тармағында: 2019 жылдың мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін – деп көрсетілген. 

Кемшілік: аталған шешімге өзгеріс енгізілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары қоса тігілмеген.

18. Ауылдық округі әкімінің 03.06.2019 жылғы №121 «Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына өзгерістер енгізу туралы» шешімінің 1-тармағында: 2019 жылдың мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін – деп көрсетілген. 

Кемшілік: аталған шешімге өзгеріс енгізілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары қоса тігілмеген.

19. Ауылдық округі әкімінің 19.07.2019 жылғы №28 «Учаскелік комиссия құрамын қайта құру туралы» шешімінде комиссия мүшелерінің тізімі көрсетілген.

Кемшілік: аталғаншешімнің келісім парағына комиссия мүшелері қол қоймаған. Демек, шешімге комиссия мүшесі ретінде енгізілген азаматтар әкімдік тарапынан мұндай шешім шыққандығы және өздерінің комиссия мүшесі ретінде енгізілгендігі туралы мүлдем хабарлары жоқ деуге болады.

20. Ауылдық округі әкімінің ___.___._______ жылғы №___ «Қызылжар ауылдық округі әкімі аппараты сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы» шешімі шыққан.

Кемшілік: аталғаншешімнің шыққан күні, айы, жылы көрсетілмеген. Бұл шешімнен кейін осы ретте ауылдық округ әкімінің 12.08.2019 жылғы №30 «Учаскелік комиссия құрамын қайта құру туралы» шешімі шыққан.

Жоғарыда орын алған заң бұзушылықтар мен кемшіліктердің орын алуына мемлекеттік сатып алу саласына және ауыл округ шешімдерінің шығарылуына жауапты лауазымды тұлғаның салғырттығынан және заң талаптарын білмеуінің салдарынан орын алған.

Қызылжар ауылдық округ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің-7 түрін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының 5 бабы 2 тармағы                          2 тармақшасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін қажетті жағдайлар жасалған.  

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 5 бабының 2 тармағы 3 тармақшасына сәйкес мемлекеттік көрсететін қызмет стандарты мен тиісті ақпараттар ғимараттың көрінетін жерінде қолжетімді нысанда орналастырылған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 4 тармағының 1) тармақшасына сай, көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға және порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін қызмет нәтижесін ұсыну керек;

         Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді делінген.

Ал, құжаттарды ішінара қарау барысында 18.09.2018 жылы өтініш тапсырған М.Бекбосыновтың, 03.06.2019 жылы өтініш тапсырған Ж.Андасбаевтың, құжаты стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімде қызмет нәтижесі ұсынылмаған. Яғни мерзімі бұзылып орындалған.

         Жоғарыда көрсетілгендерге байланысты анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша Аппаратқа мынадай ұсынымдар беріледі:

  1. Қызметшілерді жұмысқа қабылдау және босату кезінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтауды;
  2. Облыс әкімдігінің 03.08.2018 жылғы №226 қаулысымен бекітілген Түркістан облысындағы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында ауданда бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалуын қатаң бақылауға алуды;
  3. Аппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жандандыруды;
  4. Жеке және заңды тұлғлалардың өтініштерін қарау кезінде «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы мен «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтауды;
  5. Аппарат қызметшілері арасында жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында қосымша құқықтық оқуларды ұйымдастыруды;
  6. Жұмыс барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттер қатаң басшылыққа алуды;
  7. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабында көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттарына сәйкес ЖОМ-мен ұсынылатын қызметтердің ашықтығын, қолжетімділігін және тиімділігін қамтамасыз етуді;
  8. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларына сәйкес тоқсан сайын берілетін есепті, мәліметтерді сапалы ұсынылуын қамтамасыз етуді;
  9. Кадр саласына, арыз-шағымдардың дұрыс тіркелуіне, орындалуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуына, функционалдық міндетіне мемлекеттік қызметтер көрсету кіретін жауапты тұлғалардың және жоғарыда аталған салаларға жетекшілік ететін ауылдық округ әкімі орынбасарының, ауылдық округ әкімінің тәртіптік жауапкершіліктерін қарауды;
  10. Анықтамада берілген ұсыныстардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді аудан әкімі аппараты персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімшесіне 10 жұмыс күні ішінде жолдауды тапсырамын.

Аудан әкімі

аппаратының басшысы,

жұмысшы топ жетекшісі                                               М.Досполов

Келісілді:

Аудан әкімі аппараты

жалпы және әкімшілік

бөлімшесінің басшысы                                                                  Н.Канатбаев

Аудан әкімі аппараты

ақпараттандыру және мемлекеттік

қызмет көрсету монитрингі

бөлімшесінің басшысы                                                                  Е.Мусаев

Аудан әкімі аппараты ұйымдастыру

бөлімшесінің басшысы                                                                  Ә.Жапбаров

Аудан әкімі аппараты

заң бөлімшесінің

бас инспекторы                                                                     Е.Каипжан

Аудан әкімі аппараты

персоналды басқару қызметі

(кадр қызметі) бөлімшесінің

бас инспекторы                                                                    Д.Турсункулов Қызылжар ауылдық округі әкімінің м.у.а                                    Ғ.Майрихов