САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРГЕ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ҚАТАҢ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қазіргі таңда ауданда коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары жүргізілуде. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар аудан әкімдігінің тікелей бақылауында.
Осыған орай аудан ішілік және қала ішілік жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктерге санитарлық алдын алу шаралары күнделікті жүргізілуде. Айта кетсек жолаушыларды тасымалдаумен қамтамасыз етіп жүрген «SAR avto» ЖШС-і мекемесі күнделікті жолаушылар тасымалдайтын көліктерге бастапқы аялдамада және соңғы аялдамада, яғни әр айналым сайын залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп келеді. Сонымен қатар 1 сәуірден бастап барлық бағыттардағы аудан ішілік және қала ішілік жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктер 50% қысқартылды.
Сарыағаш ауданы аумағында азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында коронавирус инфекциясын таралуына қарсы күрес және азаматтардың денсаулығын қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын алу шараларын күшейтуге және Сарыағаш ауданының «В» санатындағы такси тасымалдаушы мекемелеріне хабарламалар берілген.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі