САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ҚОҒАМДАҒЫ ӘКЕНІҢ РӨЛІ

Сарығаш қаласының мәдениет үйінде аудандық сот және аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен «Қоғамдағы әкенің рөлі» тақырыбында аудандық әкелермен кездесу өтті.

Кездесуге Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Т.Машрапов, аудан әкімінің орынбасары М.Сейтімбетов, ауданның бас имамы Т.Төлебеков, аудандық білім бөлімі жанындағы қамқоршылық кеңесінің төрағасы А.Белқожа, прокуратура, полиция қызметкерлері және аудан әкелері қатысты.

Қатысушыларға «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыру аясында түсірілген бейнефильм ұсынылды.

Кездесу барысында, Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Т.Машрапов «Қоғамдағы әкенің рөлі» тақырыбында баяндама жасап, аудан әкелеріне отбасының пейілі-береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие екенін, Әке-асқар тау, ана-баурайындағы бұлақ, бала- жағасындағы құрақ екенін, Әке- отбасының тірегі екенін атап өтті. Сонымен қатар Т.Машрапов өз сөзінде әрбір мекемеде 2020 жылдың наурыз айына дейін отбасылық байқау өткізіп, сол байқау жеңімпаздарының арасында «Бақытты отбасы» қорытынды байқауын өткізуге ұсыныс жасады. Бұл ұсыныс аудан әкелерінің тарапынан бір ауыздан қолдау тапты.

Осыған орай кездесуде Сарыағаш ауданының бас имамы Т.Төлебеков «Шариғатта әкенің рөлі қандай» екенін баяндап, әке рөлінің отбасындағы маңыздылығын түсіндіріп  өтті.

Іш шара соңында  аудан әкімінің орынбасары М.Сейтімбетов қорытынды жасап, әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы бала үшін үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы болып табылатын атап өтті.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі