САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ҚАРТТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Сарыағаш ауданында 1 қазан-Халықаралық қарттар күні аталып өтті.
Аудан орталығы Сарыағаш қаласында орналасқан «Нариман» салтанат сарайында дастархан жайылып, аудан қарттарының бастарын қосты.
Мерекелік шарада аудан әкімі М.Отаршиев сөз алып, – үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл- кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың ауданымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер, баршаңызға мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, ұзақ ғұмыр тілеймін, деп қарттарға ізгі тілегін арнады.

Сондай-ақ мерекелік шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов, «Нұр Отан» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев мерекемен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен үйлесімін тапты. Дастарханнан басында қарттар бір-біріне алғыстары мен құттықтауларын айтып, мерекелік көңіл мен әсем әндерін шырқады. Дана қазақ халқы ежелден қарияларды ерекше сыйлаған.

(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі