САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ШЫМКЕНТТЕ САРЫАҒАШ ЖӘНЕ ОРДАБАСЫ АУДАНДАРЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ.

Бүгін еліміздің үшінші мегаполисі атанған шырайлы Шымкент шаһарындағы, «Қажымұқан» атындағы орталық стадионы маңында Түркістан облысының Сарыағаш және Ордабасы аудандарының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Сарыағаш ауданынан жалпы 15 тонна сапалы, экологиялық таза азық-түлік түрлері саудаланып жатыр. Атап айтқанда, қауын, дарбыз, жүзім, алма, асқабақ, капуста, сәбіз, пияз, картоп, баклажан, балгар бұрышы, қияр, қызанақ, алмұрт, қызылша, көк өттер және ет өнімдері бар. Айтакетерлігі кешке дейін жалғасатын жәрмеңкеге қойылған өнімдердің барлығы экологиялық жағынан таза, базардағы бағадан арзан. Сонымен қатар, жәрмеңкеге ауданымыздың  түрлі бағыттағы қолөнер шеберлерінің жасаған бұйымдары да бар. Жәрмеңкеге келген қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында концерттік бағдарлама ұйымдастырылуда.

(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі