САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сарыағаш ауданында коронавирус дертінің алдын алу және тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында аудан әкімінің өкімімен арнайы штаб құрылған болатын. Штаб мүшелері аудан әкімі М.Отаршиевтың төрағалығымен өткен жиында бас қосты.
Штаб отырысында қауіпті дерттен сақтану мен алдын алу мақсатындағы атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Барлық құзырлы мекемелердің қауіп анықталған жағдайда жедел әрекет етуге, тиісті оқшаулау, анықтау және емдеу шараларына дайындығы қайта пысықталды.
Сонымен қатар, аудандағы халық көп шоғырланатын орталықтарды залалсыздандыру мақсатында Сарыағаш ауданының сауда орындарында, автобекеттерінде күннен-күнге өршіп отырған коронавирус індетінің алдын алу шаралары жүргізілуде. Алдын алу шараларымен қатар қоғамдық орындарда ақпараттық түсіндірме парақшалары таратылып, ілінуде.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі