САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА САҚ БОЛҒАН АБЗАЛ

Жазғы шомылу маусымы кезінде суға кету жағдайларының алдын алу мақсатында «Суда абай болыңыз!» тақырыбында төтенше жағдай қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының ерікті жастары үгіт насихат, түсіндірме жұмыстарын Сарыағаш ауданы аумағында орналасқан Келес өзені жағалауларында жүргізді. Бірлескен рейдтік түсіндірме жұмыстарында шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау, балаларды бақылаусыз қалдырмау басты назарда болуын, балалардың бақылаусыз қалуы салдарынан жазатайым оқиғалар орын алып жатқаны жөнінде мәліметтер келтіріліп, іс шара барысында қауіпсіздік шараларының нұсқаулығы түсіндірілді. Сонымен қатар, жасөспірімдерге судағы қауіпсіздік ережелері жөнінде дайындалған жадынама парақшалары таратылды.
Құрметті аудан тұрғындары, суға шомылу кезінде мұқият абай болыңыздар, қарапайым ережелерді сақтап, өзіңіздің және жақындарыңыздың өміріне қауіп-қатер төндірмеңіздер. Ең басты қауіпсіздік шарасы ол – ҮЙДЕ ОТЫРУ!

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі