САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Досполов Мұхит Әскерұлы 2019 жылдың 25 қыркүйек күні сағат 15.00 де аудан әкімі аппараты ғимаратында мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды жеке қабылдау өткізеді.
Сарыағаш ауданы жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі – мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырады, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация береді.
Жеке қабылдауға аудан әкімі аппаратындағы 2-35-52 сымтетік арқылы алдын ала жазылуға болады.