ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) 2019 жылғы 16 қаңтардағы шешімімен Кеңес  мүшелерінің азаматтарды жеке қабылдау кестесі түзілген.

Аталған кестеге сәйкес Кеңес мүшесі, «Егемен Қазақстан» жалпыұлттық республикалық газетінің Түркістан облысындағы меншікті тілшісі Елшібаев Ғалымжан Қамытбекұлы ағымдағы жылдың 8 тамызында сағат 12-00-де облыстың азаматтарын жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді. Жеке қабылдау Департамент ғимаратында (Түркістан қаласы, Отырар шағын ауданы, н/з ғимарат (Департаменттер үйі, қызметтік с.т. 8 725-33-5-94-72)  өтеді.