САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Аудан әкімі М.Отаршиев штабтың мәжілісін өткізіп, онда аудан аумағында қауіпсіздік шараларын күшейту, стратегиялық нысандардың дайындығын арттыру мақсатында аудан аумағында орналасқан банк, қазпошта және басқа да төлем жүргізетін мекеме басшыларымен аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Штаб отырысында аудан басшысы қауіпті дерттен сақтану мен алдын алу мақсатында банк мекемелеріне, банкоматтарда және қазпошта мекемелеріне зейнетақысын алу үшін келетін тұрғындарға бір-бірімен ара-қашықтық және бетперделік режимді сақтау бойынша мекеме қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар, барлық банкомат құрылғылары тұрақты түрде дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу қажеттігін қатаң түрде ескертті, себебі адам көп шоғырланған жерде қауіп пен тәуекел көп.
Төлемдерге байланысты барлық құжаттарды қабылдау және түсіндіру жұмыстары электронды түрде жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар, тиісті мекемелерге көпшілікке үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Ауданда залалсыздандыру жұмыстары күшейтіліп, қалыптасқан жағдай тұрғындарға уақытылы хабарланады.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі