САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР!!!

Ауа-райының салқындауына байланысты қатты отынмен және газбен жылытылатын пештерді орнату және пайдалану ережелерінің бұзылуы, сонымен қатар тұрмыстық электр жылытқыштарды (электрлік жылытқыштар, майлы радиаторлар және т.б) қолданудың ережелерінің сақталмауына байланысты қайғылы жағдайлар орын алуы мүмкін. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің және №14 өрт сөндіру бөлімі мен №№25,33 өрт сөндіру бекеттерінің қызметкерлерімен күнделікті шамамен 200 ден аса тұрғын үй иелеріне жылыту маусымында газ қондырғылары мен жылыту пештерін дұрыс пайдалану ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Анықтама ретінде 101, 104 нөмірлеріне хабарласу арқылы мамандар кеңесін алуға болады.
Құрметті тұрғындар, әр түрлі отындармен жылыту жүйесін пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.