САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНА КӨМЕК ЖОЛДАНДЫ

Төлеби ауданында толассыз жауған жауын-шашын салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында Сарыағаш ауданы, Тегісшіл ауылдық округі азаматтары «Біз біргеміз!» акциясы аясында Төлебиліктерге қолдау көрсетуде.

Бұл қазақстандықтардың кез келген қиындықта жұдырықтай жұмылып, топтаса түсетінін аңғартты. Төлеби ауданында апаттан зардап шеккен отбасыларға жәрдем беру мақсатында азық-түлік пен қажетті гигиеналық заттар жеткізген азаматтар кешкі ауыз ашар асын ұйымдастырып, елдің батасын алып қайтты.

Апаттың айтып келмейтіні анық. Әрқашан игілікті істердің басы-қасында жүретін ауданның ерікті азаматтары осындай сәтте халықтың жанынан табылып, көмек-қолдауларын көрсетуде.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі