САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ТАБИҒИ ГАЗ ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2017-2018  жылдар  аралығында  Сарыағаш қаласы Самал-3 мөлтек  ауданында орналасқан тұрғын үйлерге  табиғи газ құбырлары  жүргізіліп, тұрғын үйге дейін табиғи газ берілген.  Бүгінгі таңда  үйлерге  табиғи газ қосу үшін бірқатар  тұрғын  үйлердің тиісті құжаттары  болмауына байланысты  аудан әкімі  Қ.Абдуалиев тиісті бөлім басшыларымен, аудандық  газ шаруашылығы  мекемесімен  Самал-3 мөлтек ауданының тұрғындарына  үйлерді құжаттандыру  мәселесі  бойынша  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізді. Алдағы уақытта  Самал-3  мөлтек ауданындағы  тұрғын  үйлерді  құжаттандыру  мәселесі  аудан  басшысының  тікелей  бақылауында  болатынын  ескертті.     

(с) Аудан әкімінің баспасөз қызметі