САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Бүгін  Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиев  кезекті рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар табиғи газ қосу, ауған соғысының ардагері  денсаулығын емдету үшін көмек көрсету,  тұрғын үй, және әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша өтініштерін айтты. Тұрғындардың мәселелерін мұқият тыңдаған аудан басшысы қолданыстағы заңнама аясында көтерілген мәселелердің оң шешімін табу үшін тиісті жұмыстар атқарылатынын түсіндіріп, тиісті бөлім басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне азаматтардың өзекті мәселелерін шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.

(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі