САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Сарыағаш ауданы әкімдігі құзырлы орган қызметкерлерімен бірлесіп, Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 24 мамырдағы №20 қаулысына сәйкес, коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында аудан орталығында орналасқан базарлар мен сауда орындарында карантин режимін сақтау жөнінде халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сейілмей тұрған қауіптің алдын алу мақсатында арнайы мамандар әр контейнерлерге кіріп, сатушыларға індеттің қаупі жайлы айтып, «әлі де коронавирус дертіне шалдыққандар саны азаймай отыр. Сол себепті сіздер сақтық шараларын қатаң түрде сақтауларыңыз керек» деп, толық түсіндірме жұмыстарын жасады.
Қауіпті сейілтіп, індетті өршітпеу мақсатында түсіндірме жұмыстары өзге ауылдық округтерінде де жалғасуда.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі