САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ СЕНБІЛІККЕ САРЫАҒАШТЫҚТАР БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

Түркістан қаласының санитарлық-тазалығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған қалалық сенбілікке сарыағаштықтар белсене қатысты. Жалпы ұйымдастырылған санитарлық тазалық жұмыстарына 72 адам қатысып, 3 дана арнайы техникалар жұмылдырылды. Тазалық жұмыстары барысында көше бойындағы ретсіз күл-қоқыстарды тазалау, жол жиегіндегі шөптерді шабу, жасыл екпелерді актеу, арық-атыздарды тазалау және тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың қас беттерін ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі