САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ Ә. ӘЛІШЕВ ӘДЕП ЖӨНІНДЕ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Мұхиденұлы Әлішев аудан әкімі аппараты ғимаратында мемлекеттік қызметкерлерді жеке қабылдап, талап–тілектерін тыңдады.

Түркістан облысы жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі – мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету бойынша өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация берді.

(с) Аудан әкімінің баспасөз қызметі