«ТҮРКІСТАН-АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ ТУРАЛЫ ТҰРҒЫНДАРҒА КЕҢІНЕН НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесін қоғам өкілдері арасында кеңінен насихаттау үшін Сарыағаш ауданындағы «Адалдық елшілері», арнайы мониторингтік топ мүшелері және еріктілер клубтарымен бірге халық көп шоғырланатын орындарда арнайы дайындалған жадынамалар таратылды.

Жобалық кеңсенің мақсаты – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, қоғам өкілдерінің билік институттарына сенімін арттыру болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресті мақсат еткен әрбір азамат «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аясында өзінің ойларымен бөлісіп, белсенділік танытуына мүмкіндік бар.

(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі