ТҮЛКІБАСТА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘДЕБИ БАСҚОСУ ӨТТІ

Түлкібас ауданы, Пістелі ауылында «Таупістелі тағылымы – 2019: Шерхан мен Насыр бауында» басқосу өтті. Әрбір үш жыл сайын өтетін басқосудың мақсаты – түбі бір түркілер туыстығы, әдебиет пен журналистика, жас ұрпақ тәрбиесі туралы ой қозғау, рухани байланысты тереңдету. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген биылғы басқосу қазақ және өзбек халқының Шерхан Мұртаза мен Насыр Фазыл сынды сөз зергерлерінің шығармашылығына арналды. «Мархабат-Мирас» қоғамдық қоры мен Түлкібас ауданы әкімдігі қолға алған бастамаға Түркістан облысы әкімдігі қолдау көрсетті.
Толығырақ сілтемеде: https://ontustik.gov.kz/…/turkistan-tulkibasta-halykaralyk-…