САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

«ТАТУЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ

          Бүгін Сарыағаш ауданында Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында ауданымызда «Татуластыру орталығы» ашылды. Шараға аудан әкімі М.Отаршиев, аудандық соттың төрағасы Т.Машрапов,  «Қоғам қайраткері», тіл жанашыры, «Үш байлық» қоғамдық бірлестігінің басшысы, Сарыағаш және Бәйдібек ауданының, Түркістан облысының «Құрметті азаматы» Оразкүл Асанғазықызы, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ардагерлер кеңесі, билер кеңесі, медиатор, психологтар және жастар қатысты.

          Аудан әкімі М.Отаршиев  өз сөзінде татуласу орталығында – билер кеңесі, заңгер, медиатор, психологтар – адамдарға дауды бейбіт түрде шешу үшін  қажет  барлық қызметтерді  біріктіріліп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, соттың жұмысын жеңілдетіп, ренжіскендерді ретін тауып татуластыратын жоба. Жаңа орталық азаматтар үшін медиатордың, адвокаттың, сот атқарушысының, нотариустардың, педагог пен психологтардың, ақсақалдар кеңесі мен құқық қорғау органдарының қызметі бір арнаға тоғысқан бірегей алаң.

Бүгінгі ашылып жатқан татуластыру орталығы елге пайдалы, халық арасында түсіндіру, келістіру жұмыстарын дұрыс ұйымдастырып, көпшілік көңілінен шығады деп атап өтті.

Мерекелік құттықтау соңы аудандық өнер иелерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі